Журнал туралы

«Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Хабаршысы» педагогика саласындағы жетекші басылымдардың бірі болып табылады. 

ҒТЗО электрондық ғылыми кітапханасының платформасында журналды орналастыру туралы шарт жасалды. Журнал 0,045 импакт-факторы бар рейтингтік журналдар тізіміне енгізілген ("ҰМҒТСО" АҚ дәйексөздеудің Қазақстандық базасының мәліметтері, 2018ж.).Әрбір жарияланған мақалаға DOI коды (сандық объектінің идентификаторы) беріледі.

Журнал білім беру әдіснамасы мен теориясы, педагогика тарихы, тұлғаны тәрбиелеу және зерделеу, білім берудегі ақпараттық технологиялар, арнайы педагогика, кәсіптік білім беру, мамандардың біліктілігін арттыру, білім берудегі құзыретті тәсілдер, білім берудің практикалық психологиясы, ересектерге білім беру, барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін басқару және т. б. салалардағы теориялық және қолданбалы проблемалардың кең спектрі бойынша мақалаларды жариялайды.

 

      Журналдың негізгі бағыттары:

  • Педагогикалық ғылым, білім беру және тәрбие әдіснамасы
  • Салыстырмалы білім беру, білім беру менеджменті және оқулықтану
  • Мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру
  • Орта және кәсіптік білім беру: тәрбие және оқыту мәселелері
  • Жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру: жаңашылдықтар мен даму келешегі

 

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Мерзімділігі: жылына 4 рет

Құрылтайшысы және баспагері "Педагогикалық Ғылымдар Академиясы" ҚБ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Журналға сериялық басылымдардың стандартты нөмірлерінің халықаралық орталығы:

ISSN 2070-4046 баспа нұсқасының және еISSN 2789-0171 электрондық нұсқасының индекстерін берді.

 

                                           
      ScholarOne Partner Program - Web of Science Group   Компания «Антиплагиат» — о компании, фотографии офиса, контакты — Хабр  Карьера