Вы здесь:

А.А. АЛИМБЕКОВА, А.Т. КОЖАГУЛОВ. Болашақ мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда арт-технологияларды қолданудың теориялық және практикалық аспектілері

ҒТАМР 14.23.07

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_122

А.А. АЛИМБЕКОВА, А.Т. КОЖАГУЛОВ

Болашақ мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда арт-технологияларды қолданудың теориялық және практикалық аспектілері

Мақалада жоғары оқу орнында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арт-технология арқылы дамытудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылған. Авторлар арт-технологияның қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық климатты дұрыс қалыптастыруға және болашақ педагогтердің кәсіби іс-әрекеттерінің бағыттары бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру құзыреттіліктерінің дамуына әсері мол екенін баяндайды. Сонымен қатар болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерінің критерийлері мен көрсеткіштері анықталған. Құзыреттілік және кәсіби құзыреттілік туралы ғалымдардың идеялары қарастырылған.

Кілтті сөздер: кәсіби құзыреттілік, арт-технология, мектепке дейінгі білім беру.