Вы здесь:

А.А. АЛИМБЕКОВА, С.М. НУРБЕКОВА. Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік әлеуетін дамыту мәселесі

ҒТАМР 14.23.17

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_153

А.А. АЛИМБЕКОВА, С.М. НУРБЕКОВА

Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік әлеуетін дамыту мәселесі

Мақалада ғылым мен техниканың алға қарыштаған заманында дамыған елдермен тең дәрежеде болу үшін барлық салада өзін көрсете білетін, шығармашыл, кез келген мәселенің тың шешімін таба алатын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу білім беру жүйесінің өзекті мәселесі екені туралы айтылған. Адам капиталын дамытуда тұлға мәселесін зерттеумен айналысқан ғалымдардың еңбектеріндегі пікірлері қарастырылып, оның қазіргі заманғы мағынасында қолданылуына тоқталған. «Креативтік әлеует» ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында қолдану мағынасы ашылып, зерттеушілердің идеясы топтастырылған жіктеу кестесі берілген. Адамның креативтік әлеуетін бала кезінен ойын арқылы дамыту қажеттігі айтылған. «Креативтілік» ұғымына анықтама берілген. Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік әлеуетінің дамуына ықпал ететін психологиялық-педагогикалық шарттар көрсетілген. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері балалардың креативтік әлеуетін дамытуда ескеретін мәселелер баяндалған. Сондай-ақ, оған ықпал ететін ойын түрлері қарастырылып, креативтілік деңгейін тексеру мәселесі де сөз етілген.

Кілтті сөздер: креативтілік, креативті тұлға, креативтік әлеует, адамның ішкі ресурсы, дәстүрден тыс ойлау.