Вы здесь:

А.А. АШИРБАЕВА, А.И. НИЯЗБАЕВА. Жаңартылған мазмұнға сай химия пәнінен практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық құрастыру

ӘОЖ 372.854

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_75

А.А. АШИРБАЕВА, А.И. НИЯЗБАЕВА

Жаңартылған мазмұнға сай химия пәнінен практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық құрастыру

   Мақалада орта мектепте жаңартылған мазмұнға сай химия пәнінен практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық құрастыру мәселесі қарастырылады. Химия пәнінен практикалық жұмыстар оқушылардың ізденушілік қабілеттерін арттыруға, теориялық меңгерген білімдерін зерттеу жұмыстарында қолдануға дағдылануға мүмкіндік береді. Еліміздің орта мектептеріндегі химия пәні бойынша практикалық жұмыстардың берілу форматы, мазмұны оқушыларға ғана емес, пән мұғалімдеріне де кейбір қиындықтар туғызады. Әр сыныпқа жеке жасалған практикалық және зертханалық жұмыс дәптерлері бар, бірақ онда жұмыстардың жауабы берілмеген. Яғни жаңартылған мазмұнға сай практикалық жұмыстардың жинақталған форматы жоқ деуге болады. Сондықтан, практикалық жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтың тиімді нұсқасын құрастыру өзекті. Біздің әдістемелік нұсқаулықты жасаудағы мақсатымыз 7-11 сынып бағдарламасына сай практикалық және зертханалық жұмыстарды бір кітапқа жинақтау және жауаптарын әр жұмыстың соңында жазып отыру, нәтижесінде мектептегі тәжірибелік жұмыстардың толыққанды әрі дұрыс жүргізілуі үшін мұғалімдерге таптырмас құрал ұсыну. Мақалада практикалық жұмыстың бұрынғы форматына мысал келтіре отырып, жаңа форматтағы практикалық жұмыстың ерекшеліктері көрсетілген.
   Кілтті сөздер: химия, орта мектеп, жаңартылған білім беру, практикалық жұмыстар, әдістемелік-нұсқаулық.