Вы здесь:

А.А. САТБЕКОВА, М.АБДРЕШ. Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада жобалай оқыту технологиясының ғылыми-теориялық негіздері

ӘОЖ 37.02

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_46

А.А. САТБЕКОВА, М.АБДРЕШ

Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада жобалай оқыту технологиясының ғылыми-теориялық негіздері

Кәсіби білім берудің басты мақсаты – жас толқынның қабілеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне, белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Ал өз кезегінде сол білім әр адамның өзінөзі тануының, маман ретінде қалыптасуының, өзін-өзі көрсете білуінің, яғни ішкі мүмкіншілігі мен тұлғалық қабілеттері ашылуының құралы болып табылады. Отандық тәжірибеге зер сала қарағанда, студенттерге шынайы білім беру бағытындағы ең мәнді қадам деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде қолдануына жол ашатын жаңа технологиялардың белсенді түрде енгізіле бастады. Сондықтан соңғы жылдары жоғары оқу орындарында гуманистік бағдардағы «субъект-субъект» қатынасына негізделген білім беру жүйесіне басымдылық берілуі инновациялық технологияларды кең түрде зерттеп, оларды оқыту үдерісіне батыл енгізуді талап етуде. Бұл Қазақстан Республикасының азаматы ретінде студенттердің жеке тұлғалық мәдениеті мен танымдық-практикалық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін осы бағыттағы ізденістерді кеңейтудің және ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделеп зерттеудің көкейкестілігін дәлелдейді. Ал студенттің тұлғалық мәдениетінің бір арнасын олардың мемлекеттік тілді білу деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін шешу айрықша мәнге ие. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады.

Кілтті сөздер: қазақ тілі, жобалай оқыту технологиясы, білім беру, жоба.