Вы здесь:

А.А. САТБЕКОВА, Ж. АМЕТХАН, С. БАТЫРБЕК. Таным теориясы қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының әдіснамалық негізі ретінде

ҒТАМР 14.01.07

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_37

А.А. САТБЕКОВА, Ж. АМЕТХАН, С. БАТЫРБЕК

Таным теориясы қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының әдіснамалық негізі ретінде

Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында гуманистік бағдардағы «субъект-субъект» қатынасына негізделген білім беру жүйесіне басымдылық берілуі инновациялық технологияларды кең түрде зерттеп, оларды оқыту үдерісіне біліктілікпен батыл енгізудің қажеттігін талап етуде. Бұл Қазақстан Республикасының азаматы ретінде студенттердің жеке тұлғалық мәдениеті мен танымдық-практикалық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін осы бағыттағы ізденістерді кеңейтудің және сол технологияларды ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделеп зерттеудің көкейкестілігін дәлелдейді. Ал студенттің тұлғалық мәдениетінің бір арнасын олардың мемлекеттік тілді білу деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін шешу айрықша мәнге ие болып отыр. Мақалада қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерісін ізгілендіру үдерісінде қазақ тілін меңгеруге деген субъектінің, яғни студенттің қатынасын, көзқарасын өз бетімен білім жинай білу дағдыларын дамыту арқылы, білім игерудің жаңаша жолдарымен оқыту арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады.

Кілтті сөздер: қазақ тілі, таным теориясы, жобалай оқыту технологиясы, білім беру, жоба.