Вы здесь:

А.Б. БАДЫХОВА, А.Ж. ЕДИГЕНОВА. Дарындылықтың табиғаты және оның пайда болуы туралы тұжырымдар

ӘОЖ 37.01

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_183

А.Б. БАДЫХОВА, А.Ж. ЕДИГЕНОВА

Дарындылықтың табиғаты және оның пайда болуы туралы тұжырымдар

Мақалада жалпы дарындылық, оның пайда болуы, көрінуі туралы сұрақтар қарастырылған. Бүгінгі күні тұлғаның дарындылығы туралы сұрақ көкейкесті болып табылады. Дарындылық мәселесі ғалымдардың назарын өте ертеден аударған. Сондықтан ол қоғам дамуына қарай үнемі зерттеледі. Мақалада отандық, алыс және жақын шетел зерттеушілерінің дарындылық туралы ой тұжырымдары талданады. Олардың анықтамалары, пікірлері беріліп, жүйеленген. Сонымен қатар елімізде дарынды балалармен жұмыстың ұйымдастырылуы қарастырылған. Психология ғылымдарының жетістіктеріне сүйеніп, педагогикалық ғылымдардың дарындылықты қолдау және дамытуға бағытталған әртүрлі дидактикалық жүйелері мен үлгілері баяндалады. Тақырыптың өзектілігін ашып көрсетуде Қазақстан Республикасында дарынды балаларды қолдап, анықтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сілтеме жасалып, оның негізгі мақсаты баяндалды. Балалар дарындылығын диагностикалау мәселесі де қарастырылып, оның келешектегі маңыздылығы айтылады. Зерттеушілер еңбектері талданып, дарынды балалардың жалпы сипаттамасы беріледі. Дарындылықтың сыртқы белгілерін зерттеу нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіні айтылады. Қорытынды зерттеушілер көзқарасы бойынша жасалған.

Кілтті сөздер: тұлға, қабілет, нышан, дарындылық, талант, дарындылық түрлері.