Вы здесь:

А.Б. КОКАЖАЕВА, Н.О.МЫРЗАХМЕТОВА, М.А.ОМАРОВА, А. ҚАПАР. Математикалық модельдеу арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру туралы

УДК: 372.851

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_69

А.Б. КОКАЖАЕВА, Н.О.МЫРЗАХМЕТОВА, М.А.ОМАРОВА, А. ҚАПАР

Математикалық модельдеу арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру туралы

Мақалада мектеп математика курсында оқушыларға пәнаралық байланыс арқылы білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және қажеттілігі туралы, соның ішінде мектеп математика курсында химия пәнінен алған білімдерін математика сабақтарында химиялық мәтінмен берілген есептерді шығаруда қолдану және оны математикалық модельдеу арқылы жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Сонымен қатар жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда оқушылардың білім мен біліктіліктерін қолданудың мазмұны мен тәсілдері, ерекшеліктері қарастырылып, есептер жүйесін құрудың теориялық негіздемесі беріледі. Оқушыларға мектеп қабырғасынан бастап берілген пәнаралық байланыстың ерекшеліктерін анықтап, олардың маңыздылығын көре білу болашақта шығармашылық ойлауды, дағды мен бiлiмді арттырудың негізі саналады. Сондай-ақ, оқушылардың мектеп математика курстарында алған білімдерін химия сабақтарында қолдана білудің тиімділігі баяндалады.

Кілтті сөздер: математика мен химияның пәнаралық байланысы, математикалық модельдеу, орта мектепте математиканы оқыту, мәтіндік есептер.