Вы здесь:

А.Б. КОКАЖАЕВА, Ж.Т. БИЛЯЛОВА, М.С. СЛЯМОВА. Математика сабақтарында экологиялық мазмұнды есептер шығарудың өзектілігі

ӘОЖ 504.062

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_84

 А.Б. КОКАЖАЕВА, Ж.Т. БИЛЯЛОВА, М.С. СЛЯМОВА

Математика сабақтарында экологиялық мазмұнды есептер шығарудың өзектілігі

  Мақалада мектептегі математика курсында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және қажеттілігі қарастырылады, экологиялық қауіпсіздік мәселесімен қатар, оқушыларға экологиялық мазмұнды есептерді шығарта отырып тәрбиелеудің тиімділігі сипатталады. Сонымен қатар жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда экологиялық білім мен білікті қолданудың мазмұны мен тәсілдері, экологиялық мазмұнды есептердің ерекшеліктері қарастырылып, осындай есептер жүйесін құрудың теориялық негіздемесі беріледі. Бірнеше экологиялық мазмұнды есептерге қысқаша шолу жасалған. Математика сабағындағы экологиялық мазмұнмен берілген есептердің фабуласы қаншалықты шынайы сипатталса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы соншалықты артатындығы туралы мысалдар келтірілген. Оқушыларға мектеп қабырғасынан бастап берілген экологиялық бiлiм мен тәрбие олардың қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншіліктерін арттырудың негізі. Сондай-ақ, болашақта оқушылардың мектеп математика курстарында алған экологиялық білімдерін практикада қолдана білудің тиімділігі туралы баяндалады.
  Кілтті сөздер: экология, математика, фабула, оқушыларға экологиялық тәрбие беру, экологиялық мазмұнды есептер.