Вы здесь:

А.Б. НҰРЖАНОВА, Г.Н. НҰРМАНОВА. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру жолдары

ӘОЖ 373

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_180

А.Б. НҰРЖАНОВА, Г.Н. НҰРМАНОВА

Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру жолдары

Мақалада қазақ тілі сабақтарында цифрлық құзыреттілікті қалыптастырудың әдіс-тәсілдері сөз болады. Жалпы құзыреттілік ұғымына берілетін анықтамаларға талдау жасалып, оның түрлеріне сипаттама беріледі. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту барысында цифрлық құзыреттіліктің қалыптасу жолдары сипатталады. Цифрлық құзыреттілікті қамтитын құзырет түрлері жіктеліп көрсетіледі. «Ақпараттық-инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту» атты гранттық жоба бойынша жасалған жұмыстар ұсынылады. Сонымен қатар цифрлық құзыреттілікті дамытуда тиімді компьютерлік бағдарламалардың қолданылу барысы айтылады. Оның ішінде, Quizizz компьютерлік бағдарламасына жан жақты талдау жасалынады. Quizizz компьютерлік бағдарламасының ерекшеліктері көрсетіліп, бағдарламада жасалған тапсырма үлгілері беріледі. Жалпы алғанда, мақала ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын ұсынуды мақсат етеді. Сонымен қатар, «Ақпараттық-инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту» атты гранттық жоба аясындағы жасалған жұмыстардың практикалық маңызы жан жақты талданады.

Кілтті сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық құзыреттілік, қазақ тілін оқыту, тіл үйренуші, әдістеме, Quizizz бағдарламасы.