Вы здесь:

А.Д. МАЙМАТАЕВА, К.И. БАТЫРОВА. Студенттердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру

ӘОЖ 57+373: 400 (574)

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_139

А.Д. МАЙМАТАЕВА, К.И. БАТЫРОВА

Студенттердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқу үрдісінде әртүрлі электрондық білім беру ресурстарын (энциклопедиялар, порталдар, сараптамалық жүйелер, мониторинг бағдарламалары, сөздіктер, білімді автоматтандырылған бақылауға арналған құралдар, презентациялық материалдар және т.б.) қолдана алатын инновациялық іс-әрекетке дайындау қажет. Алғашқы білімді меңгеруге бағытталған оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны дәріс болып табылады. Дәстүрлі дәрісте артықшылықтардың бары сөзсіз, алайда ЭОҚ-да дәріс қысқаша баяндалған және тек эмоциялық әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар студенттердің танымдық белсенділігін арттыратын түрлі-түсті мультимедиалық материалдармен ерекшеленеді. Теориялық материалды баяндаудың бұл тәсілінің артықшылығы бар, яғни дәрісті кез келген уақытта тыңдауға ыңғайлы. Мақалада болашақ биология пәні мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруда электронды оқу құралын пайдаланудың артықшылығы қарастырылған.

Кілтті сөздер: биология мамандығы, ақпараттық құзыреттілік, омыртқасыздар зоологиясы, электронды оқу құралы.