Вы здесь:

А.К. ӨМІРЗАҚОВА, С.Ж. БАЯНДИНА, С.А. ТҰРБЕКОВА. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫТУДА ВИЗУАЛИЗАЦИЯ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

ҒТАМР 14.07.09

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_43

А.К. ӨМІРЗАҚОВА, С.Ж. БАЯНДИНА, С.А. ТҰРБЕКОВА

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫТУДА ВИЗУАЛИЗАЦИЯ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

    Ақын-жазушылардың шығармашылығы ұлттық мәдениеттің ерекше феномені болып табылады. Олар кез келген өнер түріне тән эстетикалық, танымдық, коммуникативті, этикалық және басқа қызметтерді орындайды. Абай шығармашылығын тілдік емес жоғары оқу орындарында оқытудың маңызы зор. Өйткені көркем мәтіндер мәдениетке байланысты болғандықтан олар мәдениеттің барлық компоненті: ұлттық дәстүр, мінез-құлық, тарих, психология, типтік кейіпкерлер туралы ақпарат береді. Практикалық қазақ тілі сабағында студенттердің мәтіндік ақпаратты есте сақтау қабілеттерінің төмендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені олар мәтіннің толық мазмұнын түсінбей механикалық түрде жаттап алады. Визуализация әдістері студенттердің қиялын дамытады, есте сақтау процесін жылдамдатады, мәтін мазмұнын дәл әрі толық түсінуіне ықпал етеді және өзінің қабілеттеріне деген сенімді қалыптастырады. «Скетч», менталды карта әдістерін қолдану оқытушыға сабақтың сапасын арттыруға және студенттердің оқуға деген ынталандыру деңгейінің жақсаруына мүмкіндік береді.

    Кілтті сөздер: Абай Құнанбаев, визуализация құралдары, мәтінді визуализациялау,«Скетч» әдісі, мәндік ақпарат, мәтінді қайта жаңғырту, Абай өлеңдерін оқыту.