Вы здесь:

А.М.ҮСЕНОВА, Г.Н.БАХТИЯРОВА, С.Т.МАМАДАЛИЕВ. Болашақ педагог-психологтарды жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытуға даярлау

ӘОЖ 378.1

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_145

А.М.ҮСЕНОВА, Г.Н.БАХТИЯРОВА, С.Т.МАМАДАЛИЕВ

Болашақ педагог-психологтарды жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытуға даярлау

Мақалада болашақ педагог-психологтарды жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытуға даярлау мәселесі қарастырылады. Көшбасшылық – топ мүшелерінің іс-әрекеті, қарым-қатынасы және өзара әрекеттесуі нәтижесінде топтарды саралау тәсілі. Онда күрделі әлеуметтік-психологиялық феномен сияқты психологиялық, әлеуметтік және таптық мәні бар, топтық дамудың маңызды сипаттамалары шоғырланады және көрінеді. Біз зерттеп отырған жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттері мәселесі әлеуметтік топта статуспен ерекшеленуге мүмкіндік беретін және өз позициясының белсенді көріністерінде байқалатын, жағдаяттарға ұтқыр бағдарлану, волонтерлік қызметке белсенді қатысу, командада тиімді өзара әрекеттесу, мақсат қою, оған замандастарын біріктіре алу қабілеттері мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Тұлғаның көшбасшылық қабілеттерінің құрылымы коммуникативтік (коммуникабельділік, ынталандыру қабілеті, ұйымшылдық, қолдау) және ұйымдастырушылық (сенімділік, белсенділік, өзін-өзі бақылаушылық, мақсат қоюшылық, тұрақтылық, икемділік) сапалардан тұрады. Жоғары сынып жасөспірімдерінің тұлғалық қалыптасуында педагог-психологтардың рөлі жоғары. Сол себепті олардың тұлғалық өзгерістеріне жағымды жағдай құру жасөспірімдердің əлеуметтік маңызды іс-əрекетті игеруін, қажеттіліктері мен əлеуетін жүзеге асыруын мүмкін етеді.

Кілтті сөздер: көшбасшылық, көшбасшылық қабілеттер, көшбасшылық қасиеттер, мобильділік, коммуникативтік, белсенділік, табандылық, икемділік, ұйымшылдық, жоғары сынып оқушысы.