Вы здесь:

А.М. ЖУБАНДЫКОВА, Р.А. НАБУОВА. Жоғары нәтижеге жетудің шарты – оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану

ӘОЖ 378

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_122

А.М. ЖУБАНДЫКОВА, Р.А. НАБУОВА

Жоғары нәтижеге жетудің шарты – оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану

Жоғары білімнің тиімділігінің маңызды көрсеткішінің бірі студенттердің білім алудағы жетістіктерінің деңгейі болып табылады. Формативтік бағалауды қолдану педагог жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийіне айналды және сабақта формативтік бағалау әдістерін пайдалану студенттердің бойында оқуға қызығушылық пен жауапкершілік пайда болғанын көрсетті, олардың өзіндік жұмыс, топпен жұмыс істеу машықтары қалыптасты, төзімділік, ұжымшылдық, өзара көмек сезімдері дами түсті. Формативтік бағалау дегеніміз студенттер мен олардың оқытушылары білім алушылардың білім алу, процесіндегі нақты сатысын, қай бағытта даму керектігін, қажетті деңгейге қалай қол жеткізу қажеттігін анықтау үшін қолданатын мәліметтерді іздеу және интерпретациялау үдерісі. Авторлар формативтік бағалау техникасын пайдаланудың ерекшелігін көрсетеді. Авторлар пайдаланған әдістер студенттердің өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытуға, топпен бірлесіп жұмыс істеуге көмектесті, оқуға қызығушылықтары артты және бір-біріне жәрдемдесуге ұмтылысын ынталандырды.

Кілтті сөздер: формативтік бағалау, жиынтық бағалау, критерийлер, дескриптор, кері байланыс.