Вы здесь:

А.Н. НАЗАРОВА, Н.Б. МАНСҰРОВ, Қ.Т. АТЕМОВА. Батырлар жырындағы мифологемаларды оқытудағы студенттердің психологиялық аспектілері

ӘОЖ 37.032.2

DOI: 10.51883/20704046_2020_5_157

А.Н. НАЗАРОВА, Н.Б. МАНСҰРОВ, Қ.Т. АТЕМОВА

Батырлар жырындағы мифологемаларды оқытудағы студенттердің психологиялық аспектілері

Мақала батырлар жырындағы мифологемаларды оқытуда студенттердің психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес танымдық іс-әрекетін дамытуға арналды. Студенттің жеке тұлғасының құндылық бағдарының құрамдас бөлігі ретінде жырды талдау арқылы олардың танымдық белсенділігін дамытумен қатар, психологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударылды. Батырлық жырды оқуда студенттердің әдеби-шығармашылық қабілеттерін, олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Студенттің тұлғалық позициясы білім, білік, дағдылардың дамуымен бірге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда олардың жырды қабылдау, түйсіну, эмоционалды сезіну секілді танымдық психологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Батырлар жырындағы мифологемаларды оқыту студенттердің танымдық белсенділігін, дербестігін, ізденушілік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға негізделеді. Қазіргі таңда студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда мақалада батырлық жырды оқытудағы жеке тұлғаның интеллектуалды әркетінің танымдық, эмоционалды-бағалау және мінез-құлық компоненттерін қамтитын маңызды психологиялық құрылымдар сараланды.

Кілтті сөздер: мифологема, таным, тіл, психологиялық ерекшеліктер, студенттің жеке тұлғасы.