Вы здесь:

А.С. АМИРОВА, Э.Б. ОРАЗБАЕВА, Д.А. ҚОЖАБАЕВА. Шығармашылық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарының кәсіби құзыреттілігінің негізі ретінде

МҒТАР:107.77.51

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_50

А.С. АМИРОВА, Э.Б. ОРАЗБАЕВА, Д.А. ҚОЖАБАЕВА

Шығармашылық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарының кәсіби құзыреттілігінің негізі ретінде

   Мақалада жоғары білімнен кейінгі білім беруде мамандардың шығармашылығы кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда мәдени құндылықтарды саралай отырып, білім сапасын қамтамасыз ететін негізгі үш фактор: оқу бағдарламасының мазмұны, оқыту үдерісін ұйымдастыру және педагогтың кәсіби құзыреттілігі көрсетілген. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің философиялық, әлеуметтік, мәдениеттілік аспектілерді қамтитыны және оларды қалыптастырудың жолдары шығармашылық-зерттеушілік іс-әрекет тұрғысынан көрсетілген. Жасалған теориялық талдаулар мен факторларға сүйене отырып, магистранттардың шығармашылығы кәсіби құзыреттіліктің негізі ретінде анықталады. Жоғары білімнен кейінгі білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес болашақ мамандарды даярлаудың жаңа моделін қалыптастырудың қазіргі үрдісі талап етіп отырған кешенді және кіріктірілген оқыту формасы педагогтерді кәсіби әрекетке құзыреттілік тұрғысынан даярлауды көздейді.
  Кілтті сөздер: жоғары білімнен кейінгі білім, шығармашылық, болашақ маман, кәсіби құзыреттілік, инновациялық технология.