Вы здесь:

А.С. АУШЕНОВА, Г.С. ГАБДКАРИМОВА, Г. ӘНУАР, У.А. КАЛЖАНОВА. Ағылшын тілін меңгеру жолындағы әдістемелер

ӘОЖ 37.02

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_203

А.С. АУШЕНОВА, Г.С. ГАБДКАРИМОВА, Г. ӘНУАР, У.А. КАЛЖАНОВА

Ағылшын тілін меңгеру жолындағы әдістемелер

Мақалада қазіргі қоғамда ағылшын тілін үйренудің маңызды аспектілерінің бірі ретінде оны меңгеру жолындағы жеңіл әрі жаңа әдістемелер және ағылшын тілін оқытудағы әдістерді қолдану қарастырылады. Қазақстандағы білім беру саласында шет тілді үйретудің жаңа түрлері, әдістері, әдістемесі, жаңа сипаттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына әкелді. Осындай оқыту әдістемесінде заман талабына сай инновациялық, технологиялық білім беру жүйесінің ерекшеліктері басты негізге алынған. Тілді үйретуде педагогтар мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін пайдалана отырып, оқушының санасына әртүрлі жағынан жеткізе білу басты негізге алынып қарастырылған. Тілді үйрену барысында оның маңыздылығы айқын көрсетілуі тиіс. Тілдің жаңа әдістемесі оқушылардың ойлау санасына тікелей әсер етеді, себебі ондағы жаңашыл тәсілдер мен түрлі бағыттар адамның ойлау жүйесін арттырады. Қазір шетел тілін оқыту әдістемесі ғылым болып қалыптасып келеді.

Кілтті сөздер: тіл оқытудағы әдістер, кәсіби құзыреттілік, уйрету технологиясы, шетел тілі, оқыту технологиясы.