Вы здесь:

Қ.А.САДЫКОВ, Е.Е. ЕРГОЖИН, Н.А.БЕКТЕНОВ, А.Т. ТАСМАГАМБЕТ. Элективті курстар арқылы оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру

УДК 372.854,542.06

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_160

Қ.А.САДЫКОВ, Е.Е. ЕРГОЖИН, Н.А.БЕКТЕНОВ, А.Т. ТАСМАГАМБЕТ

Элективті курстар арқылы оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру

Химия пәні қашан да қызықты әрі қиын пәндердің бірі болғандықтан, сол пәнге деген оқушылардың көзқарасын, қызығушылығын тудыру үшін мектептерде элективті курстар өткізу тиімді болары сөзсіз. Мақалада элективті курстың мектеп оқушыларының химия ғылымына қызығушылығын арттыруға, ғылыми-зерттеу жобаларын жасауға және химиядан ғылыми жұмыстарға тарту арқылы олардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру, дұрыс бейіндік мамандықты таңдай білуге үйрету мақсатында дайындалғаны жайында айтылады. Сонымен қатар мақалада осы курстың ерекшеліктері мен маңызы жан-жақты түсіндіріледі. Зерттеудің өзектілігі мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға теориялық біліммен қатар практикалық білім берудің тиімділігі мен сапасына қол жеткізудегі қажеттіліктеріне негізделген. Осыған байланысты білім беру үдерістерін қайта қарастыру, ғылымның, техниканың, мәдениеттің, қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық салаларының даму перспективаларын ескере отырып, білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік көзқарасын дамытуды ұйымдастырудың тиімді жүйесін құру қазіргі заманғы кәсіби білім берудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

Кілтті сөздер: құзыреттілік, бейінді оқыту, химия, элективті курс, ғылыми зерттеушілік, ионалмастырғыштар.