Вы здесь:

А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ. Орта білім сапасын көтеру – ұлттық міндет

А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ

Орта білім сапасын көтеру – ұлттық міндет

Мақалада «Білім сапасын ғылыми негізде көтеру» тақырыбында жүргізіліп жатқан эксперимент туралы ақпарат берілген. Экспериментке Түркістан облысының Ордабасы, Төлеби, Сайрам, Отырар аудандарының мектеп директорлары, эксперименттік сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, педагог-психологтары, сонымен қатар аталған аудандардың білім бөліміндегі әдіскерлер қатысты. Орта білім беру жүйесі күрделі жүйе, сондықтан ол да басқа күрделі жүйелер сияқты, көптеген жүйе құраушылардан тұрады. Білім беру сапасын көтеру үшін, оның барлық жүйе құраушыларының сапасын көтеру қажет. Эксперименттің мақсаты – осы жүйе құрушылардың сапасын көтеруге облыстың, аудандардың, мектептердің ішкі резервін кеңінен пайдалану болды. Эксперимент келесі бағыттарда жүргізілді: педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі сапасы, білім маниторинг сапасы, руханиадамгершілік және патриоттық тәрбие беру сапасы, экспериментке қатысты зерттеу жұмыстарының сапасы, басқару жүйесінің сапасы. Салыстырмалы зерттеулер, эксперимент идеясының дұрыстығын, ішкі резервтерді кеңінен пайдалана отырып білім сапасын құраушылардың сапасын көтеру мақсатында жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде, бір баланың білім сапасын көтеруге бағытталып атқарылатын болса, онда оқушылардың білім сапасын көтеруге болатынын көрсетеді.

Кілтті сөздер: білім беру жүйесі, орта білім беру, білім беру сапасы, ішкі резевр, эксперимент, басқару жүйесі.