Вы здесь:

А.Ш.ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, Ж.Б.САМУРАТОВА, К.А.КУЗЕМБАЕВА. Біліктілікті арттыру курстарын қашықтан оқытудың ерекшеліктері

ӘОЖ 378.046.4

DOI: 10.51883/20704046_2020_5_91

А.Ш.ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, Ж.Б.САМУРАТОВА, К.А.КУЗЕМБАЕВА

Біліктілікті арттыру курстарын қашықтан оқытудың ерекшеліктері

Мақалада қазіргі елімізде белең алған жағдайға сай біліктілікті арттыру курстарын қашықтан оқытудың қиындықтары мен артықшылықтары зерделенген. Қашықтан оқыту интернет желісінің, компьтерлік технологиялардың мүмкіндігін негізге ала отырып тыңдаушылардың кәсіби білімін жетілдіру болып табылады. Қашықтан оқыту курстарында бейнедәрістер, өз бетінше орындауға арналған тапсырма мен тыңдаушының білімін қалыптастырушы бағалау үшін тест тапсырмалары ұйымдастырылып, кәсіби білімді арттырудың мүмкіндігі қамтылған. Сонымен қатар онлайн форматта «zoom» платформасы арқылы курс материалдарын тыңдаушылардың әрі қарай тереңірек меңгеруі үшін вебинарлар ұйымдастыру жолға қойылғандығы туралы айтылады. Қашықтан оқыту білім беру процесінде компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар негізінде оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары арқылы ұйымдастырылатын білім алудың бір формасы ретінде қарастырылған. Мақалада біліктілікті арттыру курстарын қашықтан оқып тәмамдаған тыңдаушылардың арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың қиындықтары мен артықшылықтары нақтыланды.

Кілтті сөздер: қашықтан оқыту, вебинар, біліктілікті арттыру курсы.