Вы здесь:

А.Т. ИСКАКОВА, Л.Р. ТАЙТЕЛИЕВА. Бoлaшақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің инновациялық ic-әрекетке даярлығын қалыптастыру

ӘОЖ 373.21

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_121

А.Т. ИСКАКОВА, Л.Р. ТАЙТЕЛИЕВА

Бoлaшақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің инновациялық ic-әрекетке даярлығын қалыптастыру

Мақалада бoлaшақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің инновациялық ic-әрекетке даярлығын қалыптастырудағы эксперименттік зерттеу нәтижелерінің талдауы ұсынылған. Авторлар инновациялық қызметке даярлықтың мотивациялық, эмоциялық және ic-әрекеттік-коммуникативтік компоненттерін бөліп көрсетеді. Осы компоненттерге сәйкес эксперименттік зерттеуде қолданылатын психодиагностикалық әдicтемелер тандалды. Қалыптастырушы эксперимент нәтижелері педагогтар мен студенттерде инновациялық қызметке дайындық саласы бойынша бақылау және эксперименталды топтар көрсеткіштері арасындағы статистикалық мәнді айырмашылықтарды көрсетті. Н.В.Немованың «Педагогтардың жаңашылдыққа бейімділігі» сауалнамасы бойынша қалыптастырушы эксперименттен кейінгі педагогтардың нәтижелері берілді. Эксперимент нәтижелерінің сенімділігін тексеру мақсатында математикалықстатистикалық Фишер критерийі қолданылды. Сондай-ақ тәжірибелікэксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі және зерттелуші топтардың инновациялық даярлық деңгейлерінің қалыптастырушы экспериментке дейінгі және кейінгі көрсеткіштерінің салыстырмалы диаграммасы суретте берілді. Мұның барлығы зерттеу болжамының дәлелденгендігін куәландырады.

Кілтті сөздер: инновациялық ic-әрекетке дайындық, бoлaшақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, мотивациялық, эмоционалдық және ic-әрекеттіккоммуникативтік компоненттер, қалыптастырушы педагогикалық эксперимент, инновациялық орта.