Вы здесь:

Б.А. ТҰРҒЫНБАЕВА. Болашақ мұғалімдердің кәсіби мәртебесін қалыптастыру

ӘОЖ 37.01

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_29

Б.А. ТҰРҒЫНБАЕВА

Болашақ мұғалімдердің кәсіби мәртебесін қалыптастыру

Жоғары сапалы білімге тек біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын, білім беру кеңістігіндегі өзгерістерге ұтқыр жауап беретін жоғары білікті мұғалімдер болған жағдайда қол жеткізуге болады. Уақыт ұстаздан динамикалы тұлға, өзгеріс әкелетін адам болуды талап етеді. Ол балаларға күн сайын өзгерістер болатын әлемде өмір сүруді үйретеді. Педагог қоғам болашағын, оның ғылымы мен мәдениетінің болашағын қалыптастырады. Сондықтан оның мәртебесі қазіргіден жоғары болуы керек. Педагог жоғары кәсіби білімі, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеті, жоғары мәдениеті болған жағдайда ғана педагогикалық мәртебеге ие бола алады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби мәртебесін қалыптастыру жоғары мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қарастырылуы тиіс, олардың келешекте мәртебелі ұстаз болып қалыптасуына барлық жағдай жасалуы қажет. Мақала болашақ педагогтардың кәсіби мәртебесін қалыптастыру мәселесіне арналған. Автор «мәртебе», «болашақ педагогтың кәсіби мәртебесі» ұғымдарының мәнін ашып, құрылымдық элементтері мен жоғары білім алу барысында болашақ мұғалімдердің кәсіби мәртебесін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындайды.

Кілтті сөздер: мәртебе, педагогтың кәсіби мәртебесі, болашақ педагогтың кәсіби мәртебесі, кәсібилік, құзыреттілік, педагогикалық шығармашылық.