Вы здесь:

Б.А. ТҰРҒЫНБАЕВА, Е. ДҮЙСЕНБАЕВ. Оқушылардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығын қалыптастыру: психологиялық-педагогикалық астарлары

ӘОЖ 373.5

DOI: 10.51883/20704046_2020_5_112

Б.А. ТҰРҒЫНБАЕВА, Е. ДҮЙСЕНБАЕВ

Оқушылардың педагогикалық мамандыққа қызығушылығын қалыптастыру: психологиялық-педагогикалық астарлары

Мұғaлiмдiк – қoғaм үшiн aca қaжеттi де, қaдiрлi мaмaндық. Педагог қоғам болашағын, оның ғылымы мен мәдениетінің болашағын қалыптастырады, балаларға күн сайын өзгерістер болатын әлемде өмір сүруді үйретеді. Бұл еңбектің қоғам және жеке адам үшін құндылығы тұрғысынан келгенде жоғары мәртебелі мамандық деп айтуға болады. Алайда жыл сайын педагогтік оқу орындарын бітірушілер артып отырғанына қарамастан, елімізде қазіргі кезде әртүрлі пәндер бойынша мұғалімдерге деген сұраныс үлкен. Бұл мектеп бітірушілердің дұрыс кәсіби бағдар алмағанын, бұл жұмыста олқылықтардың орын алып отырғандығын көрсетеді. Оларда мұғалімдік мамандықтың қоғамдық мәні мен гуманистік астарын ашу қолға алынбайды десек артық емес. Бұл жағдайды түзеу үшін педагогикалық мамандыққа оқушыларды арнайы бағыттау талап етіледі. Мақала оқушылардың кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мәселесіне арналған. Көтеріліп отырған мәселеге талдау жасалып, оны шешудің кейбір практикалық бағыттары сипатталады.

Кілтті сөздер: қызығушылық, кәсіби бағдар беру, педагогикалық мамандық, педагогикалық мамандыққа қызығушылық.