Вы здесь:

Б.А. ТОРГАУТОВА, Л.Ф. ТАТАРИНОВА. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен практикалық сабақ өткізу әдістемесін қолдану ерекшеліктері

ӘОЖ 331.45

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_167

Б.А. ТОРГАУТОВА, Л.Ф. ТАТАРИНОВА

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен практикалық сабақ өткізу әдістемесін қолдану ерекшеліктері

Кәсіби кадрларды даярлау, атап айтқанда құқық қорғау органдары үшін құқықтық пәндер бойынша жоғары мектепте практикалық сабақтар өткізудің қолданылатын форматын қайта қарауды талап етеді. Бұл теориялық білімді бекіту, практикалық тапсырмаларды орындау маңыздылығына байланысты. Алайда, осындай форматтағы сабақтарды өткізу кезінде білім алушылардың ерекшеліктері әрдайым ескерілмейді, сабақ өткізудің нақты сценарийі жоқ, сондай-ақ оқытушының рөлі іскерлік ойынға қатысушы емес, бақылаушыға ауысады. Бұл қандай да бір пән (тақырып) бойынша алынған білім мен білік сапасының деңгейін төмендетуге қабілетті. Аталған мақала құқық қорғау органдарының жұмыс істеп тұрған қызметкерлерінің қатысуымен практикалық сабақ өткізу әдістемесін қолдану ерекшеліктеріне арналған. Авторлар осындай форматтағы практикалық сабақты дайындау кезінде оқытушылар айналысатын негізгі қиындықтарды талдайды. Құқық қорғау органдары қызметкерінің қатысуымен іскерлік ойындарды дайындау кезінде барлық қатысушылар үшін міндетті сценарий, нақты жазылған алгоритм және бекітілген ережелер болуы маңызды.

Кілтті сөздер: әдістеме, ережелер, семинар, практикалық сабақ, ойындар, қызметкер, тәжірибе, жағдай.