Вы здесь:

Б.Б. ДЖАКУБАКЫНОВ, Ө.С. БАЙМҰРАТОВ, Қ.Ә. ҚҰЛАТАЕВ. Салауатты өмір салтының факторлық моделі: білім мен ғылымның рөлі

ӘОЖ: 37.037

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_175

Б.Б. ДЖАКУБАКЫНОВ, Ө.С. БАЙМҰРАТОВ, Қ.Ә. ҚҰЛАТАЕВ

Салауатты өмір салтының факторлық моделі: білім мен ғылымның рөлі

Мақалада салауатты өмір салтының негізгі факторлары анықталды, олар: сапалы білім мен ғылым; жағымды әдет, салт-дәстүр; мемлекеттің осы саладағы оңтайлы саясаты (нормативтік-құқықтық базасы мен медициналық және сауықтыру қызметі); қоршаған ортаның тазалығы (ауа, су, топырақ, азық-түлік); экологиялық экономика (жасыл экономика). Факторлардың өзара байланысының математикалық моделі жасалды. Салауатты өмір салтының басты факторы ретінде білім мен ғылым қарастырылады. «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген дамыған 30 елдің салауатты өмір салты деңгейіне жету үшін қазіргі жағдайда білімге басымдылық берілуі тиіс. Постпандемиялық жағдай Қазақстанға тұрақты әлеуметтікэкономикалық саяси жүйе мен тиімді өмір қауіпсіздігі қажет екенін айқын көрсетеді. Бұл міндет білім мен ғылымсыз шешілмейді.

Кілтті сөздер: салауатты өмір салты, өмір қауіпсіздігі, сыртқы және ішкі қауіпқатерлер, әлеует, фактор, зияткерлік, білім, білім қоғамы, ғылым, әдет, салт-дәстүр, жасыл экономика, қоршаған орта.