Вы здесь:

Б.Б. ДЖАКУБАКЫНОВ, Ө.С. БАЙМҰРАТОВ, Қ.Ә. ҚҰЛАТАЕВ. Жоғары сынып оқушыларының салауатты өмір салты мен әскери қызметке дайындығының сабақтастығы

ӘОЖ 371.7

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_109

Б.Б. ДЖАКУБАКЫНОВ, Ө.С. БАЙМҰРАТОВ, Қ.Ә. ҚҰЛАТАЕВ

Жоғары сынып оқушыларының салауатты өмір салты мен әскери қызметке дайындығының сабақтастығы

Жоғары сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі олардың әскери қызметке даярлығымен сабақтас. Әскералды жастардың өмір салтын зерттеушілердің көпшілігі соңғы кезде жастардың денсаулығының нашарлауын және олардың әскери қызметке дайындығының төмендеуін айтады. Мақалада жастардың әскери қызметке дайындығы тұлға дамуының әр саласы бойынша қарастырылған. Әскерге шақырылушыларды куәландыру тек денсаулық жағдайымен ғана емес, сонымен қатар эмоциялық-ерік саласы мен интеллектіні зерделеуге арналған тесттер нәтижелерімен де сүйемелденуі тиіс. Сонымен қатар, әскерге шақыру комиссиясынан өту кезінде тұлғаның қажетті іс-әрекет қабілеттерін арнайы сынақтар арқылы диагностикалау керек. Жасөспірімдердің ақыл, жан, тән саулығындағы ауытқушылықты ерте диагностикалап, коррекциялау және оларды сапалы сауықтыруға арналған ортаны құру салауатты өмір салтын қалыптастырудың басым міндеті болып қала береді.

Кілтті сөздер: әскери қызмет, әскерге шақырылушылар, салауатты өмір салты, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру, рухани саулық, жан саулығы, тән саулығы, әскерге шақырылушыларға қойылатын талаптар.