Вы здесь:

Б.С. ҚАПАЛБЕК, Ж.С. ТӨЛЕУЖАНОВА. А. Байтұрсынұлының әріп үйрету әдістемесі

ҒТАМР 14.01

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_29

Б.С. ҚАПАЛБЕК, Ж.С. ТӨЛЕУЖАНОВА

А. Байтұрсынұлының әріп үйрету әдістемесі

Қазақ тілін оқыту жүйесі әлі күнге дейін өзінің нақты шешімін таппай келеді. Мектептегі бала ана тілін сауатты әрі жетік меңгеру үшін ең алдымен әліппе дұрыс құрылуы керек. Қазақ әліппесін ең алғаш жүйелеп жазған А. Байтұрсынұлы болатын. Содан бері қаншама жыл өтсе де, қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін ескере отырып, тілдің табиғи жүйесіне сай жасалған бұдан артық оқулық болмады. Мақалада ХХ ғасырда Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған оқыту әдістері бүгінде өзекті екендігі айтылған. Әліппенің негізі қазақ тілінің төл дыбыстарынан қалану керектігі алға қойылған. Ғалым сол кезеңде-ақ өзге тілдердің оқыту әдістерімен етене танысып, өзіндік талдау жасап, қазақ тіліне қайсысы сай келетінін, қайсысы тиімді болатынын дәл таңдап алған. Авторлар қазақ тілінің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, баланың сауат ашуына қолайлы әліппе құрастырғандығы дәлелдеген. Бүгін сол жүйеден ауытқымай, қазіргі оқу бағдарламаларында да соны пайдалануымыз керек екендігі жан жақты дәлелденген.

Кілтті сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ тілі, оқыту әдістері, тіл табиғаты, дыбысты әдіс.