Вы здесь:

Б.С. АСАНОВА. Қазақстан республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары – ақпарат орталығы: тиімділігі мен мүмкіндіктері

УДК: 021.027.7 (574)

DOI: 10.51883/20704046_2020_5_100

Б.С. АСАНОВА

Қазақстан республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары – ақпарат орталығы: тиімділігі мен мүмкіндіктері

Бүгінгі жоғары оқу орнының кітапханасы оқырманға қажетті ақпаратты алып, оны сақтайтын кеңістік, сондай-ақ, оқырманның инновациялық ой-өрісін қалыптастыруға арналған білім беру жүйесі ретінде қарастырылуы қажет. Жоғары оқу орнының жетекші құрылымдық бөлімі ретінде - жоғары оқу орындары кітапханалары пайдаланушыларына өз қорындағы толықмәтінді ресурстарға шектеусіз, ашық түрде мүмкіндік беріп, оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерін қамтамасыз етіп, ақпараттық білім беру орталығы ретінде зор үлес қосуда. Өйткені, жалпы оқу үрдісі мен ғылыми-зерттеу жұмысының, жоғары білімді жаңа тұрпатты маман даярлаудың сапасы, тіпті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қазақстан жоғары оқу орындарының инновациялық дамуына, кітапханалық және ақпараттық қамту саласына бағыт беруде басты міндеттерінің бірі – әлемдік және отандық ғылыми деректер банкілеріне кең ауқымды қатынау мен сапалы интеллектуалдық ресурстарды құру. Мақалада жоғары оқу орындары кітапханасының ғылым мен білімге ашық қол жеткізуді қамтамасыз етудегі ашық қолжетімділік және институционалдық репозиторийлердің ақпараттық білім берудің жаңа моделі ретінде қарастырылады.

Кілтті сөздер: инновация, информайзер, репозиторий.