Вы здесь:

Ұ.Б. ТӨЛЕШОВА, Э.К. ҚАЛЫМБЕТОВА, М. Д. НИЯЗМУРЗAГУЛОВA, Ж.Қ. ТУРОВА, Т.А. ИНГАЙБЕКОВА. Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру тәжірибесі

ӘОЖ 316.4

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_167

Ұ.Б. ТӨЛЕШОВА, Э.К. ҚАЛЫМБЕТОВА, М. Д. НИЯЗМУРЗAГУЛОВA,  Ж.Қ. ТУРОВА, Т.А. ИНГАЙБЕКОВА

Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру тәжірибесі

Қазіргі кездегі қоғам дамуында студенттердің рухани, интеллектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты, өз бетінше білім жетілдіруде ынталы және дағдысы қаланған, кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз екені, елімізде жүзеге асырылып жатқан бірқатар іс-шараларға атсалысып отыратыны мәлім. Мақалада «бос уақыт» ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде талдаулар жасалып, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру тәжірибелеріне сипаттамалар берілген. Сонымен қатар студенттердің мәдени тынығуын ұйымдастыру, анимациялық іс-әрекеттер мен оны ұйымдастыру технологиялары мен тәрбиелік ісшаралардың студенттік өмірдегі маңыздылығы да мақала мазмұнында баяндалған. Мақалада бос уақытты дұрыс ұйымдастыру арқылы жағымды энергия алу, тиімді пайдалану, пайдалы іспен айналысу, әлеуметтік-мәдени тынығу жолдары ұсынылған.

Кілтті сөздер: бос уақыт,анимация, анимациялық іс-әрекет, тәрбиелік іс-шара, студенттік өмір, мәдени тынығу, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.