Вы здесь:

Б.У. АТИКОЛ, Г.Ж. НИЯЗОВА. Болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастырудағы цифрлық технологиялар

ӘОЖ 378

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_73

Б.У. АТИКОЛ, Г.Ж. НИЯЗОВА

Болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастырудағы цифрлық технологиялар

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың түбегейлі жаңа траекториясына көшуі үшін жағдай жасау болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарының бірі «Адами капиталды дамыту» - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құруды қамтитын қайта құрулар бағыты. Адами капиталды дамытудағы басты бағыттардың бірі білім берудің теориясы мен практикасын цифрлық технологиялар арқылы жедел жетілдіру болып табылады. Мақалада цифрлық технологиялардың оқыту әдістемесін жетілдірудегі рөлі қарастырылған. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың білім беру саласындағы ерекшеліктері сипатталған. Цифрлық технологиялар дамуының білім беру технологияларына ықпалы мазмұндалған. Болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру үшін «Білім берудегі цифрлық технологиялар» элективтік курсын оқытудың маңызы баяндалған.

Кілтті сөздер: цифрландыру, цифрлық технологиялар, әдістемелік құзыреттілік, оқыту технологиялары, білім берудегі цифрлық технологиялар.