Вы здесь:

Н.И. САБАНБАЕВ, А.Н. ИМАНБЕТОВ, К.И. САДЫҚОВ, Ж. БОЖИГ, Е.С. АЯҒАН. Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық бірегейлік негіздерін қалыптастыру

ӘОЖ 37.035.6(574)

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_5

Н.И. САБАНБАЕВ, А.Н. ИМАНБЕТОВ, К.И. САДЫҚОВ, Ж. БОЖИГ, Е.С. АЯҒАН

Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық бірегейлік негіздерін қалыптастыру

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының бойында ұлттық бірегейлік негіздерін қалыптастыруға байланысты мәселелер қарастырылған. Қазіргі таңдағы білім беружүйесіндегі өзгерістер туралы баяндалған. Сонымен қатар ондағы мәселелердің білім беруді жаңғырту жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайын-дау мәселелерімен сабақтастығы айтылады. Білім беруді жаңғырту жағдайында бастауыш мектеп мұғалімі оқушылардың шығармашылық, тұлғалық, адамгершілік-рухани әлеуетін дамытуының кейбір мәселелері сөз етіледі. Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларға бағыт бере отырып, уақытты тиімді пайдалануды қадағалап, жоспарланған тапсырманың дұрыс орындалуын бақылауы, қиыншылықтар туған жағдайда кеңес беріп, күрделі мәселенің шешімін табуда көмектесулері жөнінде мағлұматтар беріліп отыр. Білім беруде интербелсенді әдісті пайдалануда «Мұғалім-оқушы» арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгеріс алып келетіндігі, бұл іс- әрекеттің басты мақсаты – жаңа білімдерге қол жеткізуде мұғалім тек қана бағыт беру мен күрделі тапсырмаларды орындауда көмектесіп, өздігінен ой қорытуға үйретіп, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудің, баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ашу мен оларда ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың әдіс-тәсілдері туралы айтылады.

Кілтті сөздер: бастауыш сынып, ұлттық бірегейлік, білім беру, мұғалім, оқушы, тұлға, ұлттық мәдениет, мектеп.