Вы здесь:

Д.А. АДИЛЬЖАНОВА, Қ.К. БУРУНБЕТОВА. «Cабақты зерттеу» тәсілінің мұғалімдердің бірлескен оқу ортасын дамытудағы әсері

Д.А. АДИЛЬЖАНОВА, Қ.К. БУРУНБЕТОВА

«Сабақты зерттеу» тәсілінің мұғалімдердің бірлескен оқу ортасын дамытудағы әсері

Мақалада «Сабақты зерттеу» тәсілі бойынша Шығыс Қазақстан облысы жетекші мектептерінде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі берілген. «Сабақты зерттеу» тәсілінің мұғалімдердің бірлескен оқу ортасын құрудағы әсеріне талдау жасалынады. Өз іс-тәжірибесіне зерттеу жүргізу мұғалімнің кәсіби тәжірибесін дамытудағы қуатты құралдарының бірі. Белгілі бір мәселені зерттей отырып, мұғалім өз тәжірибесін жетілдіреді. «Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану арқылы мұғалім пәндік білімін толықтырып қана қоймай, оқытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екендігіне көз жеткізе алады. Сонымен қатар, бұл тәсілді қолдану арқылы мұғалімдер зерттеу тобында бірлесіп сабақты жоспарлау, егжей-тегжейлі жоспарланған сабақты өткізу мен сабақ барысын, оқушылардың жасаған іс-әрекеттерін қадағалау және бақылау дағдыларын жетілдіреді. Сабақ өтіп болғаннан кейін зерттеу тобы сабаққа жан-жақты талдау жасайды. Талдау барысында әр бақыланған мәселе бойынша рефлексия жасалады. Демек, мұғалімдердің өздерінің жасаған жұмыстары туралы ой толғаныстары орын алады. Бұл алдыға жылжудың бірден-бір кепілі.

Кілтті сөздер: сабақты зерттеу, Lesson Study, бірлескен оқу ортасы, жоспарлау, қадағалау, талдау, рефлексия, кері байланыс.