Вы здесь:

Д.Б. ЕСМАҒАНБЕТОВА. Бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативті мәдениеті

УДК 37.01

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_51

Д.Б. ЕСМАҒАНБЕТОВА

Бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативті мәдениеті

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың заманауи білім беру технологиялары қарастырылған. Студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі негізделеді, бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс кезінде мұғалімнің ерекше жауапкершілігі атап өтіледі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі ерекше маңызға ие, өйткені бастауыш мектеп оқушылары үшін мұғалім – беделді тұлға, сондықтан оның сөйлеу мәдениеті, мінез-құлқы, іс-әрекеті, педагогикалық шеберлігі мінсіз болуы қажет. Автор болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің сөйлеу мәдениетін оқыту үлгісін жан-жақты талдайды, яғни, білімді біртіндеп кеңейту мен тереңдетуді және оқушылардың тілдік құзыреттілігін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және пәнді тиімді оқытуға ықпалы зор екенін нақтылайды. Мақалада бастауыш сынып мұғалімінің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың тиімділігін арттыру мақсатында «Moodle деректер базасының» маңыздылығы зерделенген.

Кілтті сөздер: кәсіби шеберлік, коммуникативті мәдениет, қарым-қатынас, сөйлеу мәдениеті, құзыреттілік, шеберлік, кәсіби мәнді құндылықтар.