Вы здесь:

Э.А. БАКИРОВА, Д.Б. АШУБАЕВА. Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

ҒТАМР 27.01.45

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_73

Э.А. БАКИРОВА, Д.Б. АШУБАЕВА

Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Мақалада математика сабақтарында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі туралы баяндалған. Заман талабына сай болашақ математика мұғалімінің кәсіби дайындық деңгейіне жаңа талаптар қойылып отыр. Авторлар математикалық тапсырмаларда тек цифрларды ғана есте сақтап қана қоймай, оқушыларға сабақтың мазмұнына қарай әртүрлі құзыреттіліктерді меңгерту, табиғи ресурстар, қоршаған орта, экология, ғылым мен техника саласындағы жаңалықтармен байланыстыра дайындау мәселесін қарастырған. Бүгінгі күн санап өзгеріп жатқан заманда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру орта мектеп оқушылары үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Білім экономикасына көшуді жүзеге асыратын қоғамда функционалдық сауаттылық компоненттерін игеру процесі өмір бойы жалғасуда. Оқушыларға математикалық мәдениет, ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде ұтымды қолдана білу тиімділігі жайлы қарастырылған. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту процесінде тапсырманың күрделілігіне байланысты математикалық сауаттылықтың деңгейлері қарастырылып, оқушы меңгеруге тиіс интеллектуалды дағдыларды дамыту тәсіліне мысалдар келтірілген.

Кілтті сөздер: стандартты, дәстүрлі, математикалық сауаттылық, функционалдық сауаттылық, деңгейлі тапсырмалар, есептер.