Вы здесь:

Е. ЕЛУБАЙ. Болашақ педагогтарды даярлаудағы цифрлық құзыреттілік

ӘОЖ 378

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_187

Е. ЕЛУБАЙ

Болашақ педагогтарды даярлаудағы цифрлық құзыреттілік

Біздің қоғам және экономика бүгінгі таңда жоғары деңгейлі цифрлы технологиялар мен цифрлық қоғамда өмір сүріп жатыр. Цифрлық құзыреттілік 2006 жылы Еуропалық Одақтың бекітуімен үздіксіз оқыту бойынша сегіз құзыреттіліктің бірі болып бекітілді. ЖОО-да педагогтардың цифрлық технологияны жоғары меңгерген, цифрлы құзыретті болуы және болашақ педагогтарды цифрлы құзыретті маман ретінде даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отыр. Осы мәселеге қатысты, цифрлы қоғамды білімді, жоғары деңгейлі цифрлы құзыретті мамандармен қамтамасыз ету үшін, зерттеулерде «цифрлық құзыреттілік» және «оқытушының цифрлық құзыреттілігі» ұғымдарының мәнін, мағынасын, құрылымын түсіну және зерттеу, қалыптастыру жолдарын қарастыру өте маңызды. Мақалада отандық және шетелдік зерттеулердегі цифрлық құзыреттілік, оқытушының цифрлық құзыреттілігі тұжырымдамалары мен анықтамалары ұсынылып талқыланды. Зерттеудің материалдары отандық ғылыми еңбектер және ISI Web of Knowledge, ERIC, Google Scholar, Research Gate халықаралық мәліметтер базасынан алынды.

Кілтті сөздер: құзыреттілік, цифрлық құзыреттілік, цифрлық сауаттылық, болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігі, цифрлық құзыреттілікті дамыту және қалыптастыру.