Вы здесь:

Е.К. СЕЙСЕНБЕКОВ, К.И. АЛШЫНБАЕВ, Д.С. ТАШКЕЕВ, С.А. ШЫРШЫҚБАЕВ, Д.Б. САДЫКОВА. Білім беру мекемелеріндегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі пәнін өткізу ерекшелігі мен әдістері

ҒТАМР 77.03.05

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_57

Е.К. СЕЙСЕНБЕКОВ, К.И. АЛШЫНБАЕВ, Д.С. ТАШКЕЕВ, С.А. ШЫРШЫҚБАЕВ, Д.Б. САДЫКОВА

Білім беру мекемелеріндегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі пәнін өткізу ерекшелігі мен әдістері

Білім беру мекемелеріндегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі жүйесінің одан әрі дамыту қағидаларының негізінде оқу-тәрбие үдерісінің оңтайландырылуы және қарқынды дамуы, жеке тұлғалық және іс-қызметтік белсенділендіру идеялары болуы керек. Мақалада дене тәрбиесінің оқу үдерісіндегі міндеттері, іс-қызметтері жайлы сипаттама берілген. Дене тәрбиесінің міндеттерін шешу барысында мұғалім өз ісқызметін жеке тұлғаның дене және рухани жетілуіне арналған құндылық бағдарын тәрбиелейді, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген ішкі сарын мен қажеттіліктерін, ерік күші мен рухани қасиеттерін, ізгілікті қарым-қатынастарды, адамдармен араласу тәжірибесін қалыптастырады. Білім алушыларға денсаулық хал-ахуалын, дене жаттығуларын өздігінше орындау, дене және ой-саналық жұмыс қабілеттіліктерін жоғары деңгейде ұстап тұру дағды-машықтарын, алған білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдана алу тәсілдерін үйреткен абзал. Сауықтыру мен тәрбиелік міндеттер дене тәрбиесінің бүкіл үдерісінде өтеді және әрбір сабақ кезінде қажетіне орай шешіліп отырады.

Кілтті сөздер: дене шынықтыру, бастауыш сыныптар, оқу үдерісі, оқу жоспарлары, дене қасиеттері.