Вы здесь:

Е.С. ОҢАЛБЕКОВ, А.Қ. СУИНДИКОВА. Өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі

ӘОЖ 374

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_25

Е.С. ОҢАЛБЕКОВ, А.Қ. СУИНДИКОВА

Өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрлігінің субьектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі деп көрсетілген. Мақалада қазіргі қоғамдағы тәрбиенің орны, оның тұлға қалыптастыру жолындағы рөлі және өзін-өзі тәрбиелеумен байланысы анықталған. Жалпы тәрбие ұғымына анықтама беріліп, ұлы ғұламалардың еңбектеріне шолу жасалған. Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі жетілдіруі мәселесі, өзін-өзі тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын: өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету тәсілдері қарастырылған. Өзін-өзі тәрбиелеу өмірлік үдеріс екендігіне аса мән беріліп, оған мектеп оқушыларын дағдыландыру қажеттігі көрсетілген. Мақалада «Өзін -өзі тану» пәнінің өзін-өзі тәрбиелеу процесіндегі рөлі айқындалып, жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінің жіктемесі мен өзін-өзі тану пәніндегі негізгі құндылықтар қатары, атап айтқанда: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау құндылығы ұсынылған. Осы құндылықтар жүйесі арқылы және де өзін-өзі тану әдістері арқылы оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік алып, қоғамда өз орнын таба алады.

Кілтті сөздер: өзін-өзі тану, тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, жалпыадамзаттық құндылықтар, тұлға.