Вы здесь:

Е.С. ОҢАЛБЕКОВ, М.А. КАЙРБАЙ. Әлеуметтік-қауіпті жағдайдағы отбасылардың қараусыз қалған балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

ҒТАМР 14.39.05

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_183

Е.С. ОҢАЛБЕКОВ, М.А. КАЙРБАЙ

Әлеуметтік-қауіпті жағдайдағы отбасылардың қараусыз қалған балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің қадағалаусыз қалуының өсуі үшін жағдайлар қалыптасты. Бұл құбылыстар белгілі бір тұлғаны әлеуметтендіру үшін ғана емес, бүкіл қоғамның дамуы үшін маңызды әлеуметтікпедагогикалық тәуекелге айналады, осы мәселенің мәні мен себептеріне жүгіну қажет. Бұл мақала әлеуметтік педагогтың әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылардың ерекше білім беру тәсілін қажет ететін балаларының қараусыз қалуын қолдау жөніндегі қызметін зерттеуге арналған. Мақалада жасөспірімдердің қараусыз қалуының психологиялық-педагогикалық мәселе ретіндегі мәні, алдыналу субъектілері қызметінің теориялық және нормативтік аспектілері, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік-педагогикалық жұмысының тәжірибесі, әлеуметтік-қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмаған азаматтармен және отбасылармен жұмыс жасау кезінде органдар мен ұйымдардың тиімді қызметінің технологиясы қарастырылған. Сондай-ақ, қазіргі әлеуметтік жағдайдағы отбасының жағдайы қарастырылады, отбасы институтының дамуына әсер ететін факторлар талданады, әлеуметтік-қауіпті жағдайдағы отбасылардың ерекшеліктері анықталады, мұндай отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мазмұны ашылады.

Кілтті сөздер: қараусыздық, кәмелетке толмаған бала, құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік-қауіпті жағдай, отбасы, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасы, әлеуметтік педагог.