Вы здесь:

Е.Ж. ТӨРЕБЕК, М.О. МҰСАБЕКОВ, М.А. АБДУАЛИЕВА. Жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи тәсілдері

ӘОЖ 51-37:373

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_156

Е.Ж. ТӨРЕБЕК, М.О. МҰСАБЕКОВ, М.А. АБДУАЛИЕВА

Жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи тәсілдері

Жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи тәсілі ең алдымен қазіргі қоғамның талаптарын және қажеттілігін жүзеге асыруы тиіс. Сонымен бірге осы қоғамды дамытуға және жетілдіруге бағытталған, заманауи қоғамның саналы мүшесі болып табылатын адам мен азаматты қалыптастыруда білім алушының қабілеттерін ескере отырып, оның білім алу қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру, қоғамның кадрлық әлеуетін дамытуында қамтамасыз етуі қажет. Мақалада оқытудың заманауи тәсілдерінің негізгі басымдықтары – жеке тұлғаны, моральдық ұстанымды, проблемаларға бейімделу қабілетін, туындаған қиындықтарды өз бетінше шеше білуін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Осы талаптарға сәйкес болу үшін педагогика бүгінгі күні оқу үдерісін ұйымдастырудың өз әдістер жиынтығын үнемі кеңейтіп отыру арқылы оқыту үдерісінде ең үздік әдістемелерін қолдану қажеттігі туындайды. Мақалада сонымен қатар, мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі қағидаларыұсынылып, мазмұнды-құрылымдық ерекшеліктері де қарастырылады.

Кілтті сөздер: Жаратылыстану пәндері, оқытудың заманауи тәсілдері, орта мектеп.