Вы здесь:

Г.А. АБДИКАРИМОВА, К.И. АЛШЫНБАЕВ, Ұ.С. МАРЧИБАЕВА, Ж.О. КОНАРБАЕВ, А.А. БЕКОВ. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттырудағы заманауи талаптар: өзектілігі, шешу әдістері

ҒТАМР 14.09.03

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_78

Г.А. АБДИКАРИМОВА, К.И. АЛШЫНБАЕВ, Ұ.С. МАРЧИБАЕВА, Ж.О. КОНАРБАЕВ, А.А. БЕКОВ

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттырудағы заманауи талаптар: өзектілігі, шешу әдістері

Мақалада мұғалімнің іс-қызметінің мазмұны мен психологиялық ерекшеліктері ашылатын отандық, шетелдік зерттеулер мен мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жоғарылататын теориялық және практикалық жасақтамасының арасындағы қайшылықтар талданған. Педагогикалық шеберлікті арттыру өзектілігін зерттеудің теориялық талдауы ғылыми білім жүйесіндегі аталған түйткілдің маңыздылығын атап көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі әлеуметтік қарым-қатынас пен акмеология теориясының негізгі ережелерінде, мұғалімнің ісқызметін іс жүзінде түсінікті заманауи концептуалдық әдістердің қолдануы және жеткіліксіз түрде жасақталған мұғалімінің педагогикалық шеберлігін арттыру теориясы мен практикасының арасындағы қайшылықтардың туындауы арқылы анықталады. Педагогикалық шеберлікті арттырудың құрылымдық құрауыштары анықталмағаны, оқыту технологиялары әлі де ұштауды қажет ететіні айтылады және оның салдары келтіріледі.

Кілтті сөздер: мұғалім, педагогикалық шеберлікті арттыру, білім беру мекемелері.