Вы здесь:

Г.А. СЕИТОВА, К.У. КУНАКОВА. Тілдік емес мамандықтарда шеттілдік білім берудің тарихи генезисі

ӘОЖ 378

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_53

Г.А. СЕИТОВА, К.У. КУНАКОВА

Тілдік емес мамандықтарда шеттілдік білім берудің тарихи генезисі

Мақала тілдік емес мамандықтар студенттеріне шетел тілін оқыту әдістемесінің маңыздылығына арналған. Оның ХХ ғасырдың ортасынан бүгінгі күнге дейінгі тарихи генезисіне сараптама жасалды. Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік дереккөздерді талдау ЖОО-ның тілдік емес факультеттерінде шетел тілін оқытудың көптеген әдістемелік бағыттары мен технологиялары бар екенін көрсетті. «Кәсібибағытталған оқыту» термині мамандық бойынша әдебиеттерді оқуға, кәсіби лексика мен терминологияны зерделеуге, ал соңғы уақытта кәсіби қызмет саласында қарым-қатынас жасауға бағытталған ЖОО-да шетел тілін оқыту үдерісін белгілеу үшін қолданылады. Шетел тілін оқытудың заманауи кәсіби-бағытталған тәсілі студенттердің нақты кәсіби, іскерлік, ғылыми салаларда және түрлі жағдайларда кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, мотивациялық-ынталандыру және бағдарлы-зерттеу қызметін ұйымдастыру кезінде шет тілде қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруды көздейді. Бұл жерде оның жалпы білім беру мақсаттары үшін тілді оқытудан және әлеуметтендіруден (әңгімелесу, шетелде өмір сүру және т.б.) негізгі айырмашылығы көрінеді.

Кілтті сөздер: тілдік емес мамандықтар, шетел тілін оқыту әдістемесі, ғылымиәдістемелік дереккөздер, кәсіби-бағытталған оқыту.