Вы здесь:

Г.Б. КЫЛЫШБАЕВА, А.М. БЕРДАЛИЕВА, А.А. СЕНКЕБАЕВА, Д.Н. САИДАЗИМОВА. Жаңа білім беруде студенттердің құзыреттілігі мен білім парадигмаларын қалыптастыру негіздері жаңа білім беруде студенттердің құзыреттілігі мен білім парадигмаларын қалыптастыру негіздер

ӘОЖ 58.378.147

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_20

Г.Б. КЫЛЫШБАЕВА, А.М. БЕРДАЛИЕВА, А.А. СЕНКЕБАЕВА, Д.Н. САИДАЗИМОВА

Жаңа білім беруде студенттердің құзыреттілігі мен білім парадигмаларын қалыптастыру негіздері

Заманауи жаңа білім беру бағдарламасын оқытуда белсенді әдістерді қолданып, биологияны жан-жақты меңгерген, белсенді, құзыреттілігі қалыптасқан, интеллектуалдығы жоғары сапалы маман даярлау маңызды. Білім алушылардың ғылымға бет бұруын, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өздігімен білім алуға деген ынтасын арттыру, өз практикаларында жаңа жағдайларға байланысты әлемдік озық тәжірибелерді қолдана алу, құзыретілікті қалыптастыру және дамыту қажет. Қазіргі жаңа білім беруде студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру сыни ойлау мен пайымдау, шығармашылық іздену мен білім берудің өзіндік тиімділігі зерттелді. Танымдық процестерді дамытуға бағытталған теориялық оқыту жұмыстары мен зерттеулер ерекшеліктері айқындалды. Танымдық теория нәтижесінде студенттердің ойы мен сенімі артып, олардың қөзқарасы мен құндылықтарына терең мән беріледі. Оқыту нәтижелеріне негізделген жаңа білім беру бағдарламасына сәйкес студенттердің кәсіби шеберлігін практикалық тұрғыда пайдаланады және кәсіби қызметінде іскерлік, дағды, құзыреттілік қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Кілтті сөздер: жаңа білім, құзыреттілікті қалыптастыру, креатив.