Вы здесь:

Г.И. САЛГАРАЕВА. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдысын дамытудың психологиялық ерекшеліктері

ӘӨЖ 373.03

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_82

Г.И. САЛГАРАЕВА

Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдысын дамытудың психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі таңда бастауыш білім беруді дамытудың жетекші үдерісі оқушылардың қарапайым білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруі ғана емес, маңызды зияткерлік шеберлікті дамыту, сонымен қатар баланың жеке тұлғасының жалпы дамуын қамтамасыз ету, табысты әлеуметтендіру үшін оның әлеуметтік дағдыларын дамытуға қажетті жағдай жасау болып табылады. Әлеуметтік дағды – адамның қоғамда өмір сүруі үшін қолданатын, өмір жолында меңгеретін өзара іс-әрекеті мен әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әлеуметтік дағды ұғымында, біздің жағдайда адам белсенді пайдаланатын кейбір іске асырылған біліктерге назар аударылады. Әлеуметтік дағдылар мен біліктер – әлеуметтік мінез-құлықтың игерілген элементтері, яғни оларға өзі және өзінің әлемдегі орны туралы білімі, әлеуметтік әрекет пен өзара іс-әрекетті жеңілдететін мінез-құлық тәсілін білуі жатады, ал бұл өз кезегінде адамның қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынасқа түсуіне, өзінөзі анықтауға және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, жалпы алғанда адамның табысты әлеуметтенуін және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етеді. Ал осы әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың ең қолайлы кезеңі кіші мектеп жасы болып табылады.

Кілтті сөздер: іс-әрекет, әлеуметтендіру, интериоризация, әлеуметтік дағды.