Вы здесь:

Г.Қ. ҚҰЛАБЕКОВА. Абай мұрасындағы ер жігіт тәрбиесі

ӘОЖ 37.035.6

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_20

Г.Қ. ҚҰЛАБЕКОВА

Абай мұрасындағы ер жігіт тәрбиесі

Мақалада қазақтың ұлы ойшылы, философы, ағартушы және педагогы, ақын Абай Құнанбаевтың гуманистік идеялары туралы және оны педагогикалық үдерісте пайдалану мен талдаудың ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада тәрбие, жоғары руханилыққа негізделген ерік-жігер арқылы адам тұлғасын қалыптастыратын қасиеттердің педагогикалық сипаттамалары беріледі. Жан-жақты үйлесімді, толыққанды дамыған адамды тәрбиелеудің тиімді жолдарының бірі – рухани-адамгершілік, дене, патриоттық, еңбек, эстетикалық және т.б. тәрбиенің барлық қырын қамтитын құндылық – Абай мұрасы болып табылады. Мақалада әрбір ұл бала мен ер жігіттің өміріндегі маңызды деп танылатын адамгершілік қағидаттар мен рухани құндылықтарды қалыптастырудың негізгі мәселелеріне ерекше назар аударылады. Абай шығармашылығының ұлттық бастауларын байыптап, зерттемей тұрып, педагогикалық көзқарастарын ұғыну мүмкін емес. Абай мұрасы бүгінгі күні ұл баланы, Отанның ұлын тәрбиелеудің ажырамас құралы болуы тиіс. Мақалада «ұл бала, ер жігіт» ұғымына баса назар аударылған.

Кілтті сөздер: Абай мұрасы, «Қара сөздер», ұл бала, ер жігіт.