Вы здесь:

Г.Р.КОЩАНОВА, Е.З.МУРАДАЛИЕВ. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ТЕСТ АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ҒТАМР 14.25.09

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_37

Г.Р.КОЩАНОВА, Е.З.МУРАДАЛИЕВ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ТЕСТ АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

    Осы мақалада жаңартылған бағдарлама бойынша оқушылардың оқу іс-әрекетін математиканы оқытуда тест арқылы ұйымдастыру әдістемесі қарастырылып өтті. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінде тестің барлық түрлерін қолдану мүмкін емес. Мақалада ұсынылған тест түрлері психология мен педагогикада қолданылады. Алайда, математиканы оқыту процесінде бағдарлау, диагностикалық тестер қолданылады. Олар тек оқу процесінде ғана емес, сонымен бірге оқушылардың барлық жұмысының нәтижесі ретінде де қолданылатын бақылау құралы ретінде қарастырылды. Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру психологиялық-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдалды; математиканы оқытуға қатысты тестілеуді дамытудың кезеңдері, сонымен бірге тестік тапсырмаларды құрудың ерекшеліктері, тест тапсырмасына қойылатын жалпы талаптар, математиканы оқыту процесіндегі тестің қолдану бағыттары анықталды, оқушылардың оқу іс-әрекетін тест арқылы ұйымдастыруды жетілдіру ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделді; математиканы оқытуда оқу іс-әрекетін тест арқылы ұйымдастырудың жүйелі әдістемесі жасалды.

    Кілтті сөздер: математика, жаңартылған бағдарлама, оқушылар, тест, тест сұрақтары, жаңа технологиялар, диагностика, тест тапсырмалары