Вы здесь:

Г.С. ПРИМБЕТОВА, А.М. ИСКАКОВА, Д.С. СМАҒҰЛОВ. Орта білім берудегі ұлттық мониторинг тесттерінің сапасын бағалау туралы

ГРНТИ 14.25.01

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_147

Г.С. ПРИМБЕТОВА, А.М. ИСКАКОВА, Д.С. СМАҒҰЛОВ

Орта білім берудегі ұлттық мониторинг тесттерінің сапасын бағалау туралы

Білім беру сапасын бағалау мәселесі барлық уақытта өзекті болды және біздің уақытта өзектілігін жоғалтпады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер ғалымдар жүргізген ғылыми зерттеулердің, біздің оқушыларымыздың білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуының нәтижелері бойынша енгізілді. Ұлттық емтихандар мен мониторингтер жаңғыртылды. Демек, білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеуіштердің мазмұнына өзгерістер енгізілді. Ұсынылған мақала орта білім берудегі ұлттық мониторингтік зерттеу аясында қолданылатын өлшеуіштердің сапасын талдауға арналған, атап айтқанда тест сапасының критерийлерінің бірі, олардың тесттердің валидтігі, мақалада авторлар «валидттік» ұғымын ашты, валидтік түрлерінің жіктелуі, оларды бағалау әдістері, шекті бағаларды белгілеу әдістеріне сипаттама берді. Орта білім беру ОЖСБ тестілері мысалында тестологияда қабылданған теориялық ережелердің практикалық іске асырылуы көрсетілген.

Кілтті сөздер: тест валидтілігі, мазмұндық валидтілік, критериалды валидтілік; құрылымдық валидтілік.