Вы здесь:

Г.З. ТАУБАЕВА , Б.О. АРЗАНБАЕВА. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші-педагогінің кәсіби қызметі мен кәсіби құзыреттілігі

УДК 373.1

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_41

 Г.З. ТАУБАЕВА , Б.О. АРЗАНБАЕВА

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші-педагогінің кәсіби қызметі мен кәсіби құзыреттілігі 

     Мақалада Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы негізгі құжаттарды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші-педагогінің кәсіби қызметі мен кәсіби құзыреттілігі туралы сөз болады. «Құзыреттілік», «кәсіби қызмет», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарына зерттеуші-ғалымдар еңбектеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші-педагогінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу жолдарын көрсетеді. Мектепке дейінгі ұйымда кәсіби қызмет барысында тәрбиеші-педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің әдістемесі қарастырылады. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші-педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін анықтауда бірнеше әдістемелік талдаулар жасалды, тәрбиешілерден сауалнамалар алынып, тест тапсырмалары жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби бағыттылығын анықтау үшін М.Рокичтің құнды бағдарлары әдістемесін басшылыққа ала отырып, тәрбиешінің кәсіби сапалар көрсеткіші баяндалады. Сонымен бірге, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің күнделікті кәсіби қызметінде кәсіби құзыреттілік сапаларын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, оны пайыздық көрсеткішпен дәлелдеген.
  Кілтті сөздер: кәсіби қызмет, кәсіби құзыреттілік, педагогикалық қызмет, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби құзыреттілігі, арнайы құзыреттілік, психологиялық-педагогикалық құзыреттілік, педагогтің құзырлық қабілеттілігі.