Вы здесь:

Г.З.ТАУБАEВА, М.А.БАКЕТОВА, А.И.БУЛШЕКБАЕВА. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің корпоративті мәдениетін дамыту ерекшеліктері

УДК 37.01:001.8

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_98

 Г.З.ТАУБАEВА, М.А.БАКЕТОВА, А.И.БУЛШЕКБАЕВА

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің корпоративті мәдениетін дамыту ерекшеліктері

   Мақалада қазіргі кезеңде педагогтердің корпоративтік мәдениеті бәсекеге қабілетті ұйым ретінде білім беру мекемесіне қаншалықты қажет деген мәселе қарастырылады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтарының корпоративтік мәдениетін дамыту ерекшеліктері, ұйымды тиімді басқару көрсеткіші ретінде және психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде корпоративтік мәдениетті талдау жасалынады. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-тәрбиешілердің корпоративтік мәдениеттілігін анықтауда зерттеу әдістемесі іріктелді: Мектепке дейінгі ұйымды басқару корпоративтік мәдениетті табысты дамытудың басты шарты ретінде қарастырады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының корпоративтік мәдениеті - тәрбиеші-педагогтердің ахуалы, мінез-құлқы мен өзара іс-қимылын айқындайтын, оның даралығын көрсететін нормалары, ережелері және оның басым құндылықтары туралы сөз болады.
   Кілтті сөздер: корпоративтік мәдениет, мектепке дейінгі білім беру ұйымды басқару, тәрбиеші-педагог құндылығы.