Вы здесь:

Г.З. ТАУБАЕВА, М.А. БАКЕТОВА. Мектепке дейінгі ұйымда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру шарттары

ӘОЖ 373.21

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_138

Г.З. ТАУБАЕВА, М.А. БАКЕТОВА

Мектепке дейінгі ұйымда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру шарттары

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру шарттарына (ақпараттық орта, ұйымның беделі (абыройы), әрбір қызметкердің тұлғалық болашағын болжау, әлеуметтік кепілдіктер, қолайлы еңбек жағдайы, ұжымда психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, ұйымдағы оң салт-жоралғылар мен корпоративтік дәстүрлер) жеке тоқталып, олардың маңызы ашылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінен әртүрлі деңгейде сауалнамалар («Еңбек шарттарының жағдайы», «Тәрбиешінің тұлғалық болашағы», «Жұмысқа қанағаттанушылығы», «Ұйымдағы психологиялық ахуал», «Еңбек шарттарының жағдайы») алынып, олардың нәтижелері кесте түрінде көрсетіліп, оның диаграммасы математикалық тұрғыда сұрыпталған. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен (жеке және топтық) жұмыс барысы туралы әңгімелесу, ұжым ішіндегі өзара қарымқатынас, ата-аналарымен әңгімелесу жүргізілді. Мектепке дейінгі ұйымының даму деңгейін анықтау мақсатында В.С.Лазаревтің әдістемесі бойынша педагогикалық ұжымның даму деңгейінің негізгі факторлары (құндылық-бағдарлы бағыты, ұжымның ұйымдасуы мен беріктігі) қолданылып, тест түрінде берілген.

Кілтті сөздер: корпоративтік мәдениет, мектепке дейінгі ұйымдағы корпоративтік мәдениет, корпоративтік мәдениет шарттары.