Вы здесь:

Г.З. ТАУБАЕВА. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМ ПЕДАГОГЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІБИ СТАНДАРТТЫҢ МАҢЫЗЫ

ҒТАМР 14.23

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_91

Г.З. ТАУБАЕВА

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМ ПЕДАГОГЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІБИ СТАНДАРТТЫҢ МАҢЫЗЫ

Мақалада мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсібилігін қалыптастыру мәселесін шешуде теория мен практиканың ұйымдастырушылық және басқарушылық жағдайларды дамыту мәселесіне айрықша назар аудару керектілігі айтылады. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагог-тәрбиешілердің біліктілігін арттыру жүйесіне мән беріліп, олардың педагогикалық позициясының дамуына ықпал ететін қажетті жағдайлар туралы баяндалады. Сонымен қатар, мақалада Қазақстан Республикасы негізгі-нормативті құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің біліктілігін арттырудың маңыздылығы көрсетіледі. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауда және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың формаларына (дәрістер оқу, курстар ашу, форумдар мен конкурстар ұйымдастыру, әдістемелік семинарлар) кеңінен тоқталып, оларға талдау жасаған.

Кілтті сөздер: біліктілікті арттыру, мектепке дейінгі білім беру педагогы, кәсіптік құзыреттілік, мектепке дейінгі білім беру